ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, анасы мен қызы өткен айдың басында шет мемлекеттің азаматтығын алған.
Алайда бұл туралы Қазақстан Республикасының көші-қон қызметіне белгіленген мерзімде хабарламаған. Аталған жағдай зейнетақы жинақтарын алу үшін ХҚКО-ға жүгінген кезде белгілі болды, - делінген ақпаратта.
Сот қаулысымен олар ҚР азаматтық туралы заңнамасын бұзды деп танылды. Нәтижесінде анасына 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, қызы әкімшілік жолмен елден шығарылды.
Айта кетейік, өңірде жыл басынан бері қос азаматтығы бар жеті адам анықталды.
Құқық қорғау органдарының өкілдері басқа елдің азаматтығын алғандар 30 күн ішінде бұл туралы көші-қон қызметіне хабарлап, бұрынғы азаматтығын растайтын құжаттарын тапсыруы қажет екенін ескертеді. Аталған талапты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Пікірлер