«Қазгидромет» РМК өкілдері ұсынған ақпаратта қар көп жауатындығы жазылмаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Айдың алғашқы онкүндігінде күндіз ең төменгі температура -18-20°C-ты көрсетеді. Түнде де осының маңайында суытпақ. Синоптиктер бірқатар ауданда күн бұлтты, бірақ әрі кетсе таулы өлкелерде тұман түсіп, жазықта жел соғады деп болжады. Ақпанның 6-9 аралығында Күршім, Марқакөл, Алтай, Шемонаиха аудандарында түнгі термометр -26-30°C-қа дейін төмендеуі кәдік.
Екінші онкүндікте қарсыз, борансыз ауа райы күтіледі. Бірақ күндізгі ызғар түнде де жалғасын табады. Өскемен, Риддер қалаларында, Глубокое, Катонқарағай, Самар аудандарында күндіз -15-18°C, түнде -20-22°C мөлшерінде суытады. Марқакөлдің кей ауылында түнде -28-30°C-қа дейін аяз түседі деп жазылды. Екінші онкүндік аяғына таман күндіз температура -10-12°C, түнде -12-14°C аралығында құбылуы мүмкін. Ұлан ауданы, Өскемен маңында тұман түсуі ықтимал.
Ауа райы хабаршылары үшінші онкүндікте сынап бағанасы күндіз -4-6°C-қа дейін өзгереді деп отыр. Жалпы, ақпан айының соңында қар күтілмейді. Тек Катонқарағай, Алтай аудандарының кей ауылында қапалақтауы мүмкін. Түндегі температура -10-12°C мөлшерінде болады деп болжанды.
Асыл АЙТБАЕВ
Фотосурет: Лашын ЖАРДЕНБЕК
Пікірлер