A+ A A-

talgatzhan 30 30-01-2025, 14:00 0

ШҚО-да тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген 151 әйел көмекке жүгінді

Бүгін / ШҚО

20-29 қаңтар аралығында өңірде «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Рейд барысында тәртіп сақшылары үш мыңға жуық азаматты тексерді. Нәтижесінде 778 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның 166-сы отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастарға қатысты.

-Отбасылық жанжалға бейім 185 азамат есепке алынды. Оларға қатысты жәбірленушілерге жақындауға және зорлық-зомбылық жасауға тыйым салатын қорғау ұйғарымдары шығарылды. Алайда 37 адам аталған шектеулерді бұзып, жауапкершілікке тартылды. Соттың шешімімен 81 заң бұзушыға қатысты «ерекше талаптар» қойылды. Бірақ оларды орындамаған 37 азамат ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды, - дейді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

10 күндік жедел профилактикалық іс-шара аясында 240-тан астам әйел психологиялық көмек алу үшін дағдарыс орталықтарына жіберіліп, 11 жәбірленуші уақытша тұруға арналған баспанаға орналастырылды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, осы уақыт аралығында 151 әйел көмекке жүгінген.

-Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін жасырмаңыздар. Егер де сіз немесе сіздің жақындарыңыз отбасында агрессияға тап болсаңыздар, үнсіз қалмаңыздар. Зорлық-зомбылық туралы уақтылы қағылған дабылдың арқасында қайғылы жағдайлардың алдын алуға болады, - дейді полиция қызметкерлері. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив