A+ A A-

talgatzhan 33 30-01-2025, 16:30 0

ШҚО-ға былтыр 249 отбасы көшіп келді

Бүгін / ШҚО

Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы бойынша өңірге 269 қандас (85 отбасы) және республиканың жұмыс күші көп аймақтарынан 512 қоныс аударушы (164 отбасы) келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Оның ішінде 255 адам (26 қандас, 229 қоныс аударушы) шекаралас аудандарға көшті.

-Облыстағы қандастар Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Ресейден келді. Сондай-ақ Алматы облысынан – 150, Жетісу облысынан – 46, Жамбылдан – 38, Қызылордадан – 14, Түркістаннан – 97, Маңғыстаудан – 2, Шымкенттен – 37, Алматыдан – 86, Астанадан - 42 адам қоныс аударды, – деді ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Динара Қожанова.

Белгілі болғандай, 205 адам тұрақты жұмысқа тұрса, алтауы жеңілдетілген бос жұмыс орындарына орналасты. 27 адам жеке кәсіпкерлікпен айналысуда. 9 азамат мемлекеттік грантты пайдаланып, өз ісін ашуды жоспарлап отыр. Тағы екі адам сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстардан өтуде, тағы алтауы өзін-өзі жұмыспен қамтыған.

-118 отбасы экономикалық ұтқырлық сертификаты арқылы баспана иеленсе, жиырмасы қаржылай көмек арқылы жалға алған. Ал үш отбасы қызметтік пәтерде тұрып жатыр, - деді Динара Қожанова.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан 2025 жылы көшіп келетін кандастар саны бойынша республика бойынша үшінші орында тұр. Ал қоныс аударушылар саны 372 адамнан аспайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив