A+ A A-

talgatzhan 30 31-01-2025, 14:00 0

«Казцинк» қызметкерлердің жалақысын көтереді

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстанның ең ірі компаниясы – «Казцинк» жалақыны өсіру жайында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Акционерлермен талқылаудан кейін кен-металлургия компаниясының басшылығы қаңтар айынан бастап қызметкерлердің жалақысын орташа есеппен 8,5 процентке өсіруді бекітті.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы «Казцинк» жұмыскерлерінің жалақысы екі рет – наурыз және қазан айларында – шамамен 10 процентке өсті.

- Соңғы уақытта инфляция қарқыны жеделдеп, ең маңызды тауарлардың құны өсіп келе жатқаны ешкімге құпия емес. Жалақы деңгейі казцинктіктердің әл-ауқатына тікелей әсер етеді: нарықтық өзгерістерді ескере отырып, оны сақтау біз үшін өте маңызды, - дейді «Казцинк» ЖШС бас директоры Жанат Жанботин. - Біз акционерлерге осы жылдың басында казцинктіктердің жалақысын көтеру мәселесін қарастыру туралы ұсыныс білдірдік және бізге қолдау көрсетілді. Қаңтар айындағы жалақы орта есеппен 8,5 процентке өсетін болады.

Жалақының жоғарылауы «Казцинктің» барлық бөлімшелерінің жұмыскерлеріне қатысты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер