A+ A A-

talgatzhan 43 31-01-2025, 14:10 0

ШҚО-да дәрі-дәрмек қоры жеткілікті ме?

Бүгін / ШҚО

Бүгін облыс әкімдігінің отырысында аймақ басшысы Ермек Көшербаев халықты қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Осы ретте ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаев ресми жауап берді. 
- Қазіргі таңда дәрі жетіспеушілігі байқалмайды. Қорда 500 мың дәрі-дәрмек бар. Ал “СК - Фармация” ЖШС арқылы сатып алу мен таңбалау кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады, - деді басқарма басшысы. 
Облыс әкімі жыл көлемінде мәселелер туындамас үшін барлығын жіті назарға алуды тапсырды. 
- Кейде белгілі бір кедергілерге байланысты дәрілерді жеткізу кешігуі мүмкін. Мен оны түсінемін. Кей аудан тұрғындары қажет дәрі-дәрмектің жоқтығын айтып, хат жазып жатады. Сондықтан барлығын алдын ала тексеріп шығыңыздар. Бұл - сіздердің халық алдындағы жауапкершіліктеріңіз, - деді Ермек Көшербаев.

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив