A+ A A-

talgatzhan 32 31-01-2025, 15:10 0

ШҚО-да ҰОС арналған ескерткіштер жөндеуді талап етеді

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Ернұр Бурахан мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

- Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарының ауқымы ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік, медициналық көмек көрсетуге, қайырымдылық шараларды өткізуге бағытталған, - дейді ол. 
Белгілі болғандай, жауынгерлердің монументтерін, ескерткіштерін, жерленген жерлерін жөндеу және абаттандыру қолға алынбақ.
- Өңірде мемлекеттік тізімге енгізілген 18 ескерткіш бар. Оның ішінде Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлерге арналған Даңқ мемориалы (Алтай қаласы), «Қайғырған ана» ескерткіші, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған мемориал (Үлкен Нарын ауданы), Б. Момышұлының мүсіні (Күршім ауданы) бар, - деді Ернұр Көшерханұлы.
Айта кетейік, облыс бойынша Ұлы Отан соғысына қатысты 201 ескерткіш бар.

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив