A+ A A-

talgatzhan 31 31-01-2025, 16:40 0

ШҚО-да нәресте өлімі 31,5%-ға азайды

Бүгін / ШҚО

Облыс әкімдігінің отырысында денсаулық сақтау саласының 2024 жылғы қорытындысы ұсынылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Анықталғандай, өңірде туберкулезден болатын өлім-жітім саны 18,2%-ға, қатерлі ісік - 4,2%-ға, нәресте өлімі - 31,5%-ға азайды. 

Ал аурушаңдық деңгейі бойынша туберкулез - 4,4%-ға, қатерлі ісік - 4,3%-ға төмендеді.

Дегенмен облыстың кей аудандарында науқастар санының артқаны байқалады. Мәселен, былтыр қан айналымы жүйесі аурулары 8,3%-ға өсті. Ең жоғары көрсеткіш Тарбағатай ауданында (48%), Өскеменде (21,6%) тіркелген. Ал қант диабетіне шалдыққандар саны бір жылдың ішінде 41,4%-ға артты.Аталған диагноз бойынша Өскемен (70,2%), Күршім (45,5%) мен Зайсан (42,7%) ауданы көш бастап тұр.

Айта кетейік, былтыр облыс орталығында бір ана өлімі тіркелді.

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив