Сапар аясында аудан активімен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жиын барысында аудандық әкімдіктің бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және депутаттармен сұхбаттасып, сауалдарына жауап берді.
Аудан әкімі Дархан Жөргекбаев Тарбағатайдың әлеуметтік-экономикалық ахуалы, атқарылған жұмыстар жайында баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Облыс әкімі аппаратының басшысы алдағы уақытта аудан экономикасын қарқынды арттыру бойынша бірнеше нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, Ерлан Хасенұлы аудан орталығындағы күрделі жөндеуді қажет ететін әлеуметтік нысандарды аралады. Соның ішінде аудандық аурухана мен Қ. Билялов атындағы мектеп-гимназиясының бүгінгі жағдайына ерекше назар аударды.
Көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары жіті бақылауға алынды. Жетіарал ауылының іргесіндегі бөгеттің жұмысымен танысқан соң, Ерлан Текешов барлық ауылдық округ әкімдерімен көшпелі жиын өткізді.
Пікірлер