A+ A A-

talgatzhan 30 4-02-2025, 09:05 0

ШҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары тағайындалды

Бүгін / ШҚО

Ішкі істер министрінің бұйрығымен ШҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымына полиция полковнигі Төкенов Алмаз Тілегенұлы тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ол құқық қорғау органдарындағы қызметін 1999 жылы Петропавл қаласы ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел уәкілі ретінде бастаған. Кейінгі жылдары Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелерінде, ІІМ орталық аппаратында басшылық лауазымдарды атқарып, жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу саласында маманданған.

Қылмыстық іздестіру бөлімшелерін басқару және жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу бойынша мол тәжірибесі бар. 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап ШҚО ПД бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив