Бұл туралы ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Динара Қожанова Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, еңбек күші артық өңірлерден адамдарды ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасының нәтижесінде бүгінгі күнге дейін облысқа 3292 адам көшіп келген.
- Былтыр қоныс аударғандардың саны 512-ке жетті (164 отбасы). Оның ішінде шекара маңындағы аудандарға 229 адам көшіп барды. Атап айтқанда, Өскемен - 83, Риддер - 58, Глубокое - 8, Алтай - 22, Зайсан - 46, Катонқарағай - 22, Үлкен Нарын - 17, Самар - 16, Күршім - 35, Марқакөл - 44, Тарбағатай - 117, Ұлан - 12, Шемонаихаға 32 адам табан тіреді, - деді Динара Қожанова.
Азаматтар негізінен Алматы облысынан (150 адам), Жетісу облысынан (46), Жамбыл облысынан (38) Қызылорда облысынан (14), Түркістан облысынан (97), Маңғыстау облысынан (2), Шымкент (37), Алматы (86), Астана қаласынан (42) көшіп келді.
- 2024 жылы квотаға енгізілген 61 қоныс аударушы, яғни 20 жанұя отбасылық мәселелеріне, денсаулығына, климаттық жағдайға байланысты өңірлеріне кері қайтты. Ал 451 қоныс аударушы (144 отбасы) облыста тұрақтанып қалды, - деді басқарма басшысының орынбасары.
Айта кетейік, биыл 641 квота бекітілді. Оның ішінде 372 еңбек күші артық өңірлерден қоныс аударушы мен 269 қандас бар.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер