A+ A A-

talgatzhan 31 4-02-2025, 14:00 0

ШҚО-ға көшіп келгендер үшін 825 миллион теңге бөлінді

Бүгін / ШҚО

ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқарма басшысының орынбасары Динара Қожанованың айтуынша, еңбек күші артық өңірлерден қоныс аударғандарға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- Көшу үшін 438 адамға (142 отбасы) 113 миллион теңге субсидия төленді. 198 адам (67 отбасы) 24 миллион теңге көлемінде тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы алды. 267 адамға (86 отбасы) баспана сатып алуға 326 миллион теңге көлемінде экономикалық ұтқырлық сертификаты  берілді, - деді Динара Қожанова.
Сонымен қатар қоныс аударушылардың 250-і еңбекке қабілетті. Оның ішінде 135 адам жұмысқа тұрды, 3 адам субсидияланатын жұмыс орнына орналастырылды, 25 адам жеке кәсіпкерлікпен айналысады, 4 адам грант алды, 2 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберілді, 2 адам өзін-өзі жұмыспен қамтыды. Тағы 5-еуі жұмысқа орналасу үстінде. 
- Былтыр экономикалық ұтқырлық сертификаты арқылы 234 адам (73 отбасы) баспана сатып алды. 40 адам (18 отбасы) материалдық көмек есебінен үйді жалға алды. 16 адам (3 отбасы) қызметтік баспанада тұрып жатыр. Ал 48 адам тұрғын үй сатып алуға құжаттар дайындауда. 

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив