A+ A A-

talgatzhan 40 5-02-2025, 11:45 0

Марқакөл ауданындағы Орта-Теректі су қоймасында су тасқыны кезеңінде мамандар кезекшілік етеді

Бүгін / ШҚО

Бүгін өңір басшысы Ермек Көшербаев жұмыс сапарымен Марқакөл ауданына келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Биыл қар қалың жауғандықтан, топан суға қарсы іс-шараларға ерекше көңіл бөлінуде. Осы ретте облыс әкімі Орта-Теректі су қоймасының жағдайымен танысты. Өткен жылы оның техникалық жай-күйіне сараптама жасалып, жөндеу жұмыстарының қажет екені айтылған еді. 

Тиісті жұмыстар ауа райының қолайлы кезеңінде басталды. Су ағызғыштың негізі бетондалып, су қоймасының түбіне тор төселді. Облыс әкімі жергілікті халықпен кездесіп, су қоймасының былтыр қалай жұмыс істегенін сұрады. Қазіргі уақытта тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ. Негізгі құрылымдар штатты режимде жұмыс істеуде. Су тасқыны басталған кезде мамандар кезекшілікке шығатын болады. 

Айта кету керек, биыл Орта-Теректі су қоймасының бөгетін жоспарлы түрде қайта жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жоспарлануда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив