Алтай ауданының 69 жастағы тұрғыны Людмила Плотникова алғаш рет жеке басын куәландыратын құжатын алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ол өмір бойы ресми құжатсыз жүрген. Осыған дейін 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын пайдаланып келген, алайда кейін оны жоғалтып алған.
Ұзақ уақыт бойы Людмила Анатольевна жаңа құжатты қажет етпеген, дегенмен ҚР азаматтық мәртебесін қалпына келтіру үшін Алтай ауданының көші-қон қызметіне жүгінуге шешім қабылдаған.
Барлық рәсімдер аяқталған соң, ол алғаш рет жеке басын куәландыратын құжатын алды.
Пікірлер