A+ A A-

talgatzhan 33 5-02-2025, 14:50 0

ШҚО-да былтыр қатерлі ісіктің 2549 жағдайы тіркелді

Бүгін / ШҚО

Өңірде онкологиялық аурушаңдықтың 2023 жылмен салыстырғанда 4,3%-ға төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыстағы онкологиялық аурулар құрылымында сүт безі, өкпе және колоректальды қатерлі ісік көш бастап тұр. Сонымен қатар асқазандағы қатерлі ісік жағдайы бесінші орынға шықты.

Сондай-ақ былтыр 0-1 сатысында анықталған қатерлі ісік жағдайларының үлесі 35,9%-ды құрады, бұл республикалық көрсеткіштен (31,4%) 14,3%-ға жоғары. 

Сүт безі, жатыр мойны және колоректальды қатерлі ісігі бойынша халықты скринингпен қамту деңгейі 98,1%-ға жетті. Осылайша, скрининг аясында 136 қатерлі ісік ерте сатысында анықталды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив