Жыл басынан бері қамқоршылық және қорғаншылық органдарының қызметкерлерімен 23 бала есепке алынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұдан бөлек, балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылып отыр. Былтыр өңірде 523 тұрғын үй берілді, оның ішінде жетім балаларға арналған 82 пәтер бар.
Ал «Мейірім» акциясы аясында қазіргі таңда 342 тәрбиеленуші патронаттық кәсіпорындармен байланыс орнатып, есепшоттарына 50 миллион теңге аударылды.
Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға қоғамда өмір сүруге бейімделуге көмек көрсететін «Тәлімгерлік» жобасы шеңберінде 50 тәрбиеленуші тіркелген.
Сонымен қатар 2023-2024 жылдары екі жасөспірімдерді бейімдеу орталығының заңнамалық талаптарға сәйкестендірілуі бойынша жұмыстар жүргізілді. Биыл тағы бір орталықтың сметалық құжаттамасын әзірлеу және нормативтік талаптарға сәйкестендіру жұмыстары жалғасуда.
Пікірлер