Жаңа үлгідегі екі білім ордасының құрылысы 2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Соның бірі Өскемендегі Есенберлин даңғылында бой көтереді. Бүгінгі таңда нысан 52%-ға дайын.
Екінші мектеп Глубокое ауданындағы Опытное поле ауылында пайдалануға беріледі. Қазір ол 69%-ға дайын.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр аймақта 5 жайлы мектептің құрылысы аяқталған еді.
Жалпы ұлттық жобаны жүзеге асыру аясында 2025 жылы Қазақстан бойынша барлығы 112 мектеп салынады.
Пікірлер