Өңірде 372 мемлекеттік орган бар, олардың штаттық саны 3992 бірлікті, ал нақты саны 3583 қызметшіні құрайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ержан Айқымбековтің айтуынша, мемлекеттік қызметшілердің арасында әйелдердің үлесі 71%-ды құраса, басшылық лауазымдардағы әйелдер саны 19%-ды құрайды.
Қызметшілердің орташа жасы - 41,5, ал 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 28%-ға жетті. Ал зейнеткерлік алдындағы қызметшілердің саны - 141, зейнеткерлік жасқа толып, келісімшартпен жұмыс істейтіндер саны - 41.
Былтыр облыс бойынша 1047 мемлекеттік қызметші оқытылды, оның ішінде 171-і қайта даярлау курсынан, 876-сы біліктілікті арттыру курсынан, ал 124-і тағылымдамадан өтті.
Этикалық мәселелер бойынша 10 отырыс өтіп, нәтижесінде мемлекеттік органдарға 117 ұсыныс жолданды. Өткен жылы аймақ тұрғындарына 10 314 106 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 97%-ы электронды түрде ұсынылды.
Айта кетейік, 2023 жылы 9, 2024 жылы 24 және биыл 2 жоғары оқу орны түлегі мемлекеттік қызметке тағайындалды.
Пікірлер