5 ақпанда Серебрянск қаласындағы Девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатының төрт тәрбиеленушісі оқу орнының аумағынан өз еркімен шығып кеткен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл жағдайды мектеп әкімшілігі полиция бөліміне дереу хабарлады.
Кәмелетке толмағандар тез арада табылып, ауруханаға жеткізілді.
Екі тәрбиеленуші медициналық мекемеде, олардың денсаулығы тұрақты. Тексеру жүргізілгеннен кейін қалған екеуі мектепке қайтарылды.
Мекеме әкімшілігі және құқық қорғау органдары жағдайды бақылауда ұстап, тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, осындай оқиғалардың алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдауда.
Пікірлер