A+ A A-

talgatzhan 31 6-02-2025, 15:45 0

ШҚО-да екі браконьерлік іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Бүгін / ШҚО

Өңірде 1-28 ақпан аралығында республикалық «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, шараның мақсаты – биоресурстарды заңсыз пайдалануға қарсы күресіп, экологиялық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, табиғат қорғау заңнамасының сақталуын бақылау.

-Полиция қызметкерлері мен табиғат қорғау органдарының өкілдерінен құралған мобильді топтар жасақталды. 110-нан астам құқық бұзушылық анықталып, заңсыз аң аулау және балық аулау фактілері бойынша екі сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. 72 азамат аң аулау қағидаларын сақтамағаны үшін, 34 азамат балық аулау заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген ақпаратта. 

Сонымен қатар ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу жағдайлары да тіркелді.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив