Бұл туралы ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Қаджибекова мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
-Шұжық пен қымыз дайындаудан Шығыс Қазақстан облысы бірінші орында. Елімізде өндірілетін балдың 50 пайызы аймақта өндірілетіні бәріне мәлім, - деді ол.
Басқарма басшысының айтуынша, «Катонқарағай балы» брендін басқа өңірлердің кәсіпкерлері де пайдалануда. Сондықтан былтыр географиялық көрсеткішті ресми тіркеу туралы шешім қабылданды. Оны Ұлттық зияткерлік меншік институты жүргізді.
-Қазір тек осы ауданда өндірілетін балды ғана «Катонқарағай балы» деп атауға болады, - деді Ажар Қаджибекова.
Пікірлер