Өңірдегі қолайсыз ауа райы мен жол қозғалысының шектелуіне байланысты баланы шұғыл түрде ТЖМ әуе кемесімен медициналық мекемеге жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару ұшқыштары Асхат Құдабаев пен Арман Айбусинов санавиация дәрігерлерімен бірлесіп, сәбиді Алтайдан Өскеменге тасымалдады.
Қазіргі таңда ол Ана мен бала орталығында мамандардың бақылауында.
Пікірлер