«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ ШҚО бойынша филиалы облыста тұратын зейнеткерлер саны туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Зейнеткерлер саны бойынша Алтай ауданы (14 753 адам), Риддер қаласы (11 245) және Глубокое ауданы (11 159) көш бастап тұр. Ал Үлкен Нарын (2225), Катонқарағай (1967), Марқакөл (1385 адам) аудандарында төмен көрсеткіштер байқалады.
– Бүгінгі таңда аймақта 140 106 зейнетақы алушы бар. Оның ішінде 68 189 адам Өскеменде, 71 917 адам өзге аудандарда тұрады, - дейді КЕАҚ ШҚО бойынша филиалы директорының әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі орынбасары Айжан Ағибаева.
Айта кетейік, ресми деректер бойынша Қазақстанда 2 миллион 400 мыңнан астам зейнеткер бар. Жалпы зейнеткерлікке шығу жасы 2025 жылы ерлер үшін 63 жас, әйелдер үшін 61 жас. 2028 жылдан бастап ҚР заңнамасына сүйене отырып, әйелдердің зейнеткерлік жасы жыл сайын 6 айға артып отырады. Бұл 2031 жылға дейін жалғасады.
Зейнетақы төлемдерін алуға өтініш беру үшін зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 10 күн бұрын ХҚКО-ға хабарласу керек.
Пікірлер