Синоптиктердің айтуынша, алдағы күндері Қазақстанның шығысында қар жауып, жел соғады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
-7-8 ақпанда шығыста аяз сақталады. Түнде кей жерлерде ауа температурасы -35 градусқа дейін төмендейді. 9 ақпаннан бстап күн жылына бастайды. Қар жауып, боран соғады, - деді «Қазгидромет» РМК мамандары.
Ал Өскеменде 8 ақпанда жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Ауа температурасы күндіз 17-19, түнде 24-26 градусқа жетеді. 9 ақпанда қар жауып, күндіз 12-16 градус, түнде 19-22 градусқа дейін аяз болады.
Пікірлер