A+ A A-

talgatzhan 30 7-02-2025, 14:45 0

ШҚО-да дәрі-дәрмек бағасы 10,3%-ға қымбаттады

Бүгін / ШҚО

Қаңтар айының қорытындысы бойынша фармацевтикалық өнімдердің құны 8,6 пайызға артты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өңірлер арасында бағаның ең жоғары жылдық өсімі Қарағанды ​​облысында тіркелді - 14%. Сондай-ақ дәрі-дәрмектің құны Астанада 10,9%-ға, Абай облысында 10,4%-ға, Шығыс Қазақстанда 10,3%-ға, Батыс Қазақстан 9,7%-ға қымбаттаған. Жетісу (4,9%), Ақмола (5%) және Маңғыстау (6,3%) облыстарында ең аз өсім тіркелді. 

Жекелеген өнімдердің ішінде Корвалол (30,7%-ға), Канефрон Н (27,9%-ға), Ацикловир (18%-ға), ацетилсалицил қышқылы (16,8%-ға) және «Мульти-табс Классик» (15%-ға) дәрілері қымбаттаған. Сонымен қатар, «Эссенциале форте Н» препаратының құны өткен жылдың деңгейінде қалды, ал «Аквалор Форте» спрейі 0,3% арзандады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив