"Қазгидромет" облыстық филиалының ақпаратынша, 8 ақпанда өңірдің солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сондай-ақ 7 ақпан сағат 20:00-ден 8 ақпан сағат 20:00-ге дейін Өскемен, Риддер қалаларында күтілетін қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланды.
Жүргізушілер жолда жылдамдық режимі мен қашықты сақтау керек. Ал жаяу жүргіншілер жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін абай болған жөн.
Төтенше жағдайда "112"телефоны бойынша хабарлаңыздар.
Пікірлер