A+ A A-

talgatzhan 37 8-02-2025, 17:00 0

ШҚО Қазынашылығы 30 жылдық мерейтойын атап өтті

Бүгін / ШҚО

8 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Қазынашылық департаменті 30 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Салтанатты шараға департамент қызметкерлері, ардагерлер және құрметті қонақтар жиналды. Кештің басты оқиғасы – қазынашылық жүйесінің қалыптасуы мен дамуына арналған мерекелік концерт болды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша ШҚО Қазынашылық департаменті елдегі барлық қазынашылық бөлімшелері арасында 1-орынға ие болды. Бұл – ұжымның жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігінің айқын дәлелі.

Құттықтау сөзінде ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов қазынашылық қызметінің өңір экономикасына қосқан үлесін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, Абай облысының қазынашылық департаменті, мемлекеттік кірістер департаменті және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері жылы лебіздерін білдірді.

Мерекеде қазынашылық жүйесінің қалыптасуына үлес қосқан ардагерлерге ерекше құрмет көрсетілді. Олардың қатарында Алла Юркина, Айжан Ластаева, Людмила Суспицына, Багдаша Сапарғалиева, Оксана Проничкина, Бақытқазы Альмагамбетова және Аманкелді Намазбаева бар.

Бүгінде департамент құрамында 12 аудандық (қалалық) басқарма және 11 бөлім жұмыс істейді. Жалпы 148 маман қазынашылық саласында қызмет атқарады.

Мерекелік кештің сәнін шығармашылық ұжымдардың әсем әндері мен би қойылымдары аша түсті. Ал салтанатты шараның шарықтау шегі – қазынашылардың бірлігін білдіретін Қазынашылық гимнін орындау болды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив