10-14 ақпан аралығында облыста әкімшілік айыппұлдарды өндіруге бағытталған республикалық «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шара барысында өңір жолдарында полиция қызметкерлерінің, прокуратура өкілдерінің, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы мен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылады.
ҚР ӘҚБтК 810-бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға әкімшілік хаттама толтырылған күннен бастап 7 тәулік ішінде айыппұл сомасының 50%-ын төлеу мүмкіндігі бар. Аталған мерзім өткен жағдайда толық соманы өз еркімен төлеу үшін 30 күндік мерзім қарастырылған. Белгіленген мерзімде айыппұл төленбеген жағдайда мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылатын болады.
ШҚО Полиция департаментінің өкілдері азаматтарды қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға және әкімшілік міндеттемелерді уақтылы орындауға шақырады.
Пікірлер