A+ A A-

talgatzhan 30 10-02-2025, 13:30 0

ШҚО-да Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қалай атап өтіледі?

Бүгін / ШҚО

Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарының ауқымы ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік, медициналық көмек көрсетуге, қайырымдылық іс-шараларды өткізуге бағытталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Ернұр Бураханның айтуынша, оқушылар, студенттер мен жастардың қатысуымен имидждік іс-шаралар ұйымдастырылады.

-Дәстүрге айналған «Айбын» өңірлік әскери-патриоттық жиыны, «Жеңіс алауы» марафоны, «Шам жағу», «Ардағым - ардагерім» волонтерлер акциясы өтеді. Басты идеологиялық ұстаным - патриоттық тәрбие, аға буынға құрмет, жастардың зияткерлік қабілетін арттыру. Ұлы Отан соғысының батырлары мен қатысушылары туралы патриоттық роликтер, фильмдер дайындалуда. Көше атаулары ауыстырылып, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, фото-көрмелер ұйымдастырылады, - деді ол. 

Сондай–ақ жауынгерлердің монументтерін, ескерткіштерін, жерленген жерлері қалпына келтірілмек. 

-Шығыс Қазақстанда мемлекеттік тізімге енгізілген 18 ескерткіш бар.Оның ішінде 3 ескерткіш жөндеуді қажет етеді: Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлерге арналған Даңқ мемориалы (Алтай қаласы), «Қайғырған ана» ескерткіші, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған мемориал (Үлкен Нарын ауданы), Б. Момышұлының мүсіні (Күршім ауданы) бар. Жалпы облыс бойынша Ұлы Отан соғысына қатысты 201 ескерткіштің жағдайын тұрақты бақылау қажет, - дейді Ернұр Көшерханұлы.

Айта кетейік, Қорғаныс министрлігі «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» атты бірыңғай мерейтойлық медалін дайындайды.

Қымбат МУХАМАДИЕВА 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив