A+ A A-

talgatzhan 34 10-02-2025, 16:35 0

ШҚО-да ғалымдар қар көшкінін алдын ала анықтайтын құрылғы жасап шығарды

Бүгін / ШҚО

​Арнайы құрылғыларға орнатылған датчиктер ақпаратты бірден орталық диспетчерге түсіреді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Автоматтандырылған жүйе инженер-гидрологтраға үлкен көмек. Енді мамандар қардың қалыңдығын өлшеу үшін басын қатерге тігіп, биікке шықпайды. Шағын стансаның бірі жыл он екі ай туристер үзілмейтін, қар көшкіні ең көп түсетін Таулы Үлбі демалыс кешеніндегі шатқалға орнатылды.

-Мұнда негізгі станция орнатылды, ол метеодеректерді жинайды. Яғни желдің жылдамдығы мен бағытын, қысым мен температураны толықтай тіркейді, – дейді жоба авторы Наталья Денисова.

Бұл құрылғылар көшкін қаупін 90% дейін дәлдікпен анықтайды. Ал алынған деректер GPS арқылы серверге жолданады. Ақпарат әр 15 минут сайын жаңартылады. Мамандар мұндай құрылғыларды облыстағы тағы үш таудың бөктеріне орнатпақ. Құтқарушылардың айтуынша, жасанды интеллектіге негізделген бұл қондырғының маңызы ерекше. Өйткені Шығыс Қазақстанда қар көшкіні түсетін 497 аумақ бар.

-Бүгінгі күні бұл көп жеңілдік береді біздің мамандарға. Күнделікті қарау жеңілдетіледі. Нақтылы уақытта қардың қалыңдығы, ауаның температурасы және басқа да табиғи өзгерістер көрсетіліп отырады. Монитор да бақылаушылардың қолында болады, – деді ШҚО "Қазселденқорғау" ММ басшысының міндетін атқарушы Телғат Нұрахмет.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив