Құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген 32 жастағы әйел табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі жыл басынан бері жасырынып жүрген бес қылмыскерді ұстады. Олардың екеуі бұрын жасаған қылмыстары үшін іздеуде болған.
- Қылмыскерлердің бірі – алаяқтық жасағаны үшін іздеуде болған 32 жастағы әйел. Ол құқық қорғау органдарынан 14 жыл бойы жасырынып, Алматы қаласынан табылды. Қазіргі уақытта сол қаладағы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Пікірлер