4 ақпанда Зайсан көлінде жүргізілген рейд барысында Тарбағатай ауданының тұрғыны заңсыз балық аулағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тексеру барысында тәртіп бұзушының торлар мен жалпы салмағы 100 келі болатын балық тәркіленді. Ал мемлекетке келтірілген шығын көлемі 559 720,2 теңгені құрады.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Пікірлер