«Қазгидромет» РМК облыстық филиалы мамандарының айтуынша, келесі айдан бастап ауа температурасы нормадан екі градусқа жоғары болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Наурыз айында жауын-шашын мөлшері нормадан асуы ықтимал. Қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде, - деді гидрология бөлімінің басшысы Іңкәр Асқарова.
Ал ақпан айы суық болатын көрінеді. Орташа ауа температурасы нормадан бір градусқа төмендейді.
Пікірлер