A+ A A-

talgatzhan 30 11-02-2025, 16:30 0

ШҚО өлім-жітім саны бойынша көшбасшы облыстар қатарына енді

Бүгін / ШҚО

Былтыр елде 368 670 сәби дүниеге келді, оның 190 213-і ұл, 178 457-і қыз, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Туудың ең жоғары көрсеткіші Түркістан (1000 тұрғынғы шаққанда 25,05 адам), Маңғыстау (24,47) облыстарында және Шымкент қаласында (23,68) тіркелді.

Ал қайтыс болғандар саны 133 592 адамды құрады. Өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға шаққанда 11,57 адам), Шығыс Қазақстан (11,29) және Қостанай (10,18) облыстарында байқалды.

Сондай-ақ былтыр Қазақстанға 29 948 адам келсе, 12 784 адам елден қоныс аударды. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 17,9%-ға артса, кеткендер саны 20,4%-ға азайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив