A+ A A-

talgatzhan 46 12-02-2025, 10:10 0

ШҚО-да биыл балабақшаларда 1500-ге жуық орын ашылады

Бүгін / ШҚО

Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекемелерде 1180 бос орын бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыста 387 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді: 117 мемлекеттік балабақша, 175 мектеп жанындағы шағын орталық және 95 жекеменшік балабақша.

-Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен 34 983 бала қамтылған. 2-3 жас аралығындағы 1981 бала кезекте тұр. Сол себепті былтыр 1 973 жаңа орын ашылып, төрт жекеменшік балабақша мен бір мектеп жанындағы шағын орталық іске қосылды. Жұмыс істеп тұрған сегіз балабақша кеңейтілді, - деді ШҚО Білім басқармасы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Әсел Бұлжанова.

Биыл 495 орындық бес жекеменшік балабақша ашу жоспарланып отыр. Оның төртеуі Өскеменде (395 орын), біреуі Зайсанда (100 орын) болады. Сондай-ақ облыс орталығында 200 орындық, Күршімде 120 орындық балабақша ғимараттары қолданысқа беріледі. Катонқарағай, Глубокое аудандарында 50 орындық екі мектеп жанындағы шағын орталық ашылады. Жұмыс істеп тұрған жеті мектепке дейінгі ұйым кеңейтілетін болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив