A+ A A-

talgatzhan 31 12-02-2025, 12:10 0

Өскемендегі «Ертіс» ӘКК-де картоп 125 теңгеден сатылып жатыр

Бүгін / ШҚО

Әлеуметтік желіде кей қала тұрғындары дүңгіршектерден жеңілдетілген бағадағы картоп өнімін таба алмай жатқандарын жеткізген еді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мемлекеттік корпорация тұтынушыларға жауап беріп, қоймада қалған көкөністердің қоры туралы айтып берді.

— ӘКК-ның сауда павильондарында картоптың құны нарықтағы бағадан айтарлықтай төмен. Көкністің келісі 125 теңгеден сатылып жатыр. Ал көтерме сауда базарларында баға 250-300 теңгеге дейін жетті. Бұл бағаны тұрақтандыру бағдарламасының өнімдеріне деген сұранысты арттырып отыр, — деді корпорация өкілдері. 

Айта кетейік, былтыр мұндай жағдайлар қант, қарақұмық, жұмыртқа және басқа да өнімдер бойынша байқалған. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив