"Қазгидромет" облыстық филиалының ақпаратынша, 13 ақпанда өңірдің батысында солтүстігі мен шығысында қар, бұрқасын мен көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 23-28 м/ жететін жел ұйытқиды.
ШҚО ТЖД мамандары азаматтардан қолайсыз ауа райында елді мекендерден тыс жерлерге сапарды кейінге қалдыруды сұрайды.
Ауа-райы нашарлаған жағдайда елді мекендерге, жанармай құю бекеттеріне, жол бойындағы дәмханаларға, ұйымдастырылған автотұрақтарға жақын жерде тоқтауға тырысыңыз.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлаңыздар.
Пікірлер