A+ A A-

talgatzhan 43 12-02-2025, 16:50 0

ШҚО-да мектептер маңында 370 жол белгісі орнатылды

Бүгін / ШҚО

Былтыр облыстағы білім беру мекемелерін, оның ішінде 76 мектеп, 26 балабақша және қосымша білім беру орталықтарын қауіпсіз жол инфрақұрылымымен қамтамасыз ету жоспары бекітілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, өңір бойынша барлығы 532 бірлік қауіпсіздік құрылғысы қажет.

Атап айтқанда, 415 жол белгісі, 76 жасанды жол кедергісі, 5 бағдаршам, 36 көше жарығы.

415 жол белгісінің 370-і, 76 жасанды жол кедергісінің 60-ы орнатылды.

Самар ауданында биыл төрт жасанды жол кедергісі мен алты жол белгісі орнатылмақ. Жол инфрақұрылымын жақсарту облыс орталығы мен Күршім ауданында да жалғасады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив