A+ A A-

talgatzhan 32 12-02-2025, 17:25 0

ШҚО-да су басу қаупі бар 72 аймақта бақылау күшейтілді

Бүгін / ШҚО

Облыс әкімі Ермек Көшербаев төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

1 ақпаннан бастап өңірде жоғары дайындық режимі жарияланды.

Ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты облыстағы су басу қаупі бар 72 аймақта бақылау күшейтілді.

Өңір басшысы қала, аудан әкімдеріне қажетті ресурстарды дайындап, өзендердегі су деңгейін бақылауды тапсырды. Жауапты қызмет өкілдері ТЖ кезіндегі іс-қимыл реті туралы егжей-тегжейлі нұсқау беруі керек.

Қазгидромет болжамы бойынша наурызда ауа температурасы, жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады. Жағдай нашарлағанда су тасқынымен күресуге 2511 адам, 935 техника, 46 жүзу құралы, 242 мотопомпа жұмылдырылады. Ал азаматтарды эвакуациялау үшін жалпы сыйымдылығы 21 мыңнан асатын 182 пункт белгіленді.

Жуықта облыстағы гидротехникалық нысандардың дайындығы тағы бір мәрте тексеріледі. Оларға күнделікті мониторинг жүргізіледі. Жедел штаб жағдайды толық бақылауға алды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив