43 жастағы облыс тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болғанын хабарлап, полицияға жүгінген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, танысы 5 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз несие алуға көмегін ұсынған. Өзінің «қызметі» үшін тағы 500 мың теңге сұрады. Алайда ақшаны алғаннан сон алаяқ қайта байланысқа шықпады.
Жедел іздестіру іс шаралары барысында күдіктінің орналасқан жерін табылды.
Қазіргі уақытта «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Осы ретте ШҚО Полиция департаменті азаматтарды ресми расталмаған келісімдер бойынша ірі сомаларды бермеуге, қаржылық ұсыныстар бойынша ақпаратты әрдайым мұқият тексеруге шақырады.
Пікірлер