"Қазгидромет" облыстық филиалының ақпаратынша, 15 ақпанда түнде өңірдің солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сондай-ақ облыстың солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі.
ШҚО ТЖД мамандары сапарды кейінге қалдыру мүмкін болмаса, маршрут бойынша жүру кезінде жол ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді. Ауа-райының қолайсыздығын күту үшін елді мекендерге, жанармай құю бекеттеріне, жол бойындағы дәмханаларға, ұйымдастырылған автотұрақтарға жақын жерде тоқтау керек.
Төтенше жағдайда «112» нөміріне хабарлаңыздар.
Пікірлер