Өңірде 152 маман жетіспесе, оның 75-і ауылдық жерлерге қажет, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Өскеменде – 52, Риддерде – 10, Серебрянскіде – 15 дәрігер жетіспейді.
Аудандарда да дәрігерлердің тапшылығы байқалады. Атап айтқанда, Алтай ауданына – 28, Шемонаихаға – 10, Глубокое, Катонқарағай, Үлкен Нарын, Самар, Ұлан, Тарбағатай және Марқакөл аудандарына 7-ден астам дәрігер қажет.
Облыстағы ауруханаларға көбінесе жалпы тәжірибелік дәрігер, акушер-гинеколог, кардиолог, невропатолог, окулист, педиатр, терапевт, анестезиолог-реаниматолог, клиникалық фармаколог, хирург, нейрохирургтер жетіспейді.
Пікірлер