A+ A A-

talgatzhan 37 17-02-2025, 12:05 0

ШҚО тұрғындары былтыр жеке гигиена құралдарына 13 мың теңге жұмсаған

Бүгін / ШҚО

2024 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанда жеке гигиена құралдарына жұмсалған қаражат бір үй шаруашылығына орташа есеппен 19,9 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шығын көлемі бойынша Маңғыстау (28,2 мың теңге), Атырау (26,9 мың теңге) облыстары мен Шымкент қаласы (25,6 мың теңге) көш бастап тұр.

Ал Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары гигиеналық құралдарға 13,6 мың теңге жұмсаған. 

Кейінгі орындарда Абай (14,5 мың теңге) және Ақмола (15,1 мың теңге) облыстары тұр. 

Қаңтар айының қорытындысы бойынша гигиеналық құралдар құны 6%-ға өскен. Өңірлер арасында тауарлардың қымбаттауы Солтүстік Қазақстан (9,8%-ға), Батыс Қазақстан (8,9%) және Маңғыстау (8,5%-ға) облыстарында байқалады. Ал ең аз баға өсімі Павлодар, Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарында тіркелді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив