A+ A A-

talgatzhan 31 17-02-2025, 12:20 0

ШҚО-да биыл 70 дәрігер шетелде білім алады

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаев мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– 2024 жылы өткір тапшылық мамандықтары бойынша 15 дәрігерге 8,5 млн теңге көлемінде біржолғы төлем, 100 АЕК көлемінде көтерме жәрдемақы төленіп, баспанамен қамтамасыз етілді. Бұл жұмыс 2025 жылы да жалғасын табады, - деді ол. Сондай-ақ былтыр облыстағы 44 маман Израиль, Ресей, Германия және Латвия елдерінің жетекші шетелдік клиникаларында акушерлік, онкология, хирургия, нейрохирургия, мейірбике ісі, жедел жәрдем медицинасы салалары бойынша білім алды. Биыл тағы 70 дәрігерді шетелде оқыту жоспарланып отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив