Осы аптада ел аумағында қар аралас жаңбыр жауып, ауа температурасы жоғарылайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сондай-ақ республика бойынша көктайғақ пен тұман күтілуде.
-Температуралық фон тұрақты болып қалады. Аптаның басында шығыста нөлден төмен температура сақталады, ал аптаның ортасында сынап бағанасы көтеріле бастайды. Жауын-шашын болмайды, - деді «Қазгидромет» РМК мамандары.
Өскеменде жауын-шашын болмайды, ашық ауа райы сақталады. Аптаның басында ауа температурасы күндіз 3-5 градусқа дейін төмендейді. 19 ақпанда 0-2 градус нөлден жоғары болады деп болжануда. Түнде ауа температурасы кей жерлерде 17-19 градус аязға дейін төмендейді.
Пікірлер