Бұл қаржы 2024 жылмен салыстырғанда 251 миллион теңгеге артық, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Аталған сома жануарлар арасында инфекциялық аурулардың алдын алу, диагностика және вакцинация жұмыстарын жүргізуге бағытталады. Аса қауіпті аурулардан, оның ішінде құтырма, бруцеллез, пастереллез және сібір жарасынан қорғау үшін шаралар қабылданады. Жалпы 4,7 миллион доза вакцинациялау жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда аздау, себебі жыл өткен сайын жануарлар арасында аурулар саны азайып келеді, - деді ШҚО Ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Сағандықов.
Биыл өңір ветеринарлары 1,2 миллионнан астам диагностикалық зерттеу жүргізеді.
Эндемиялық аурулармен күрес аясында 14 мың бас ірі қара малды гиподерматоздан, 60 мың бас ұсақ малды псороптоздан және 60 мың жылқыны мыттан вакцинациялау жоспарланған.
Былтыр аймақта 10 инфекциялық аурудың ошағы анықталды. Оның ішінде 6 құтырма, 1 эмкара және 3 бруцеллез жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта Күршім ауданының Теректібулақ ауылында бруцеллезге қарсы сауықтыру шаралары, Тарбағатай ауданында құтырмаға қарсы жұмыстар жүргізілуде. Бұл шаралар ақпан айында аяқталмақ.
Пікірлер