"Қазгидромет" РМК облыстық филиалының ақпаратынша, 18 ақпан сағат 20:00-ден 19 ақпан сағат 20:00-ге дейін Өскемен, Риддер қалаларында күтілетін қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Сондай-ақ 19 ақпанда облыстың солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Мұндай метеожағдайларда көлік жүргізушілері жылдамдық пен қашықты сақтау керек. Ал жаяу жүргіншілер жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін абай болған жөн.
ТЖ кезінде «112» нөміріне хабарлаңыздар.
Пікірлер