A+ A A-

talgatzhan 31 18-02-2025, 16:00 0

Украинада қаза тапқан ШҚО тұрғындарына қатысты тергеу аяқталды

Бүгін / ШҚО

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Өскемен қаласының екі тұрғынына қатысты ҚР ҚК 172-бабы («Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу») бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- Аталған азаматтар 2024 жылы Ресейге шығып, Украина аумағындағы шетелдік қарулы қақтығысқа қатысып, Донецк облысында ауыр жарақат алып, қаза болған. Олардың денелері Өскеменге жеткізілді. Сараптама қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі – «жарылыстар мен жарықшақтардан болған зақымданулар салдарынан жедел массивті қан жоғалту», – деп хабарлады департаменттен. 

Өскемен қаласының №2 сотының қаулысымен ҚР ҚПК 35-бабы 1-бөлігі 11-тармағына сәйкес айыпталушылардың қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив