ШҚО Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, 2024 жылы кәмелетке толмағандардың қатысуымен 264 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 91%-ға артық.
Жол апаты салдарынан бес бала көз жұмды, ал 326 бала жарақат алған.
Айта кетейік, облыста білім беру ұйымдарын қауіпсіз жол инфрақұрылымымен қамтамасыз ету жоспары қабылданған болатын. Оның ішінде 76 мектеп, 26 балабақша және қосымша білім беру орталықтары бар.
Пікірлер