Өткен жылдың төртінші тоқсанында елдегі жұмыссыздар саны 448,2 мыңға жетті. Оның ішінде 211,1 мың ер адам, 237,1 мың әйел адам бар.
Жұмыссыздық деңгейі бойынша Алматы қаласы көш бастады (51,9 мың адам). Екінші орында Түркістан (40,9 мың адам), үшінші орында Алматы (35,5 мың адам) облыстары тұр.
Жұмыссыз жүрген азаматтар саны Ұлытау (4,2 мың адам), Солтүстік Қазақстан (13,1 мың адам) және Абай (14,5 мың адам) облыстарында әлдеқайда төмен. Ал Шығыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 17,8 мыңға жетті.
Пікірлер